Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасында тегін медициналық қызметтер көрсетіледі.

Бейнет деген аяқ асында ғой. Он төрт жасар Жарылғап Н велосипед теуіп жүріп қатты құлап, соның салдарынан астыңғы жақ сүйегі сынып, 41, 31, 32 - ші тістері орындарынан тайып кетеді. Облыстық балалар ауруханасында төменгі жақ сүйекті құрсаулап тастаған соң пациентті облыстық балалар стоматологиялық емханасына консультация алуға жолдайды.


Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы дәрігерлерінің кеңес беріп және қарауынан кейін 2021 жылдың 27 шілдесінде композитті материалдармен 41, 31, 32 ші тістерге уақытша құрсаулап, әрмен қарай тістерге емдеу жүргізілді. Жыл басынан бері Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасында кішкентай пациенттерге қысқа тіл жүгеншегін (уздечка) кесіп алып тастау бойынша жоспарлы 306 отасы жасалынған.
«Стоматологиялық көмек - медициналық көмектің ең қымбат қызметтерінің бірі болып саналады. Өкінішке орай, мамандар ұсынғандай, алдын-алу мақсатында тіс дәрігеріне баруды барлық адамның жағдайы көтере бермейтіндіктен, әрдайым қолжетімді емес. Ресми мәліметтер бойынша, балалардың 82% - ында тіс ауруы бар. Көбінесе ата-аналар балаларды тіс дәрігеріне ауыз қуысының аурулары асқынған кезде әкеледі.» - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.
Бірақ, мүмкін, мұндай көрініс көптеген ата-аналардың тегін жоспарлы профилактикалық тексерулер мен қажет болған жағдайда тегін емдеуді, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі барлық балалар үшін шұғыл көмек көрсетуді көздейтін МӘМС пакетінің мүмкіндіктері туралы білмейтіндігінен де туындайтын шығар.
Естеріңізге сала кетейік, халықтың бұл санаты жеңілдікті санатқа жатады және олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет төлейді. Сондықтан әрбір бала 18 жасқа толғанға дейін автоматты түрде "сақтандырылған" мәртебесін алады.
Сонымен, қандай жағдайда сізге өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ?
• рентген-сурет үшін;
• тісті жансыздандыру және жұлу, сондай-ақ пломба салу үшін;
• абсцесстерді ашқаны, пульпит пен периодонтитті емдегені үшін;
• гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалды қалпына келтіргені үшін;
• еріндер мен тіл жүгеншегінің пластикасына;
• жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде ортодонтиялық қызметтер үшін.
Сондықтан, егер сіздің балаңызға тіс дәрігерінің көмегі қажет болса, сіз өз емханаңызға немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әлеуетті жеткізушісі болып табылатын жеке стоматологияға бірден жүгіне аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әрдайым қолжетімді ресми байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: 1406 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, www.fms.kz Қордың сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521