Коронавирустық инфекцияны тоқтатудың жалғыз жолы - жаппай вакцина егу екенін сарапшылар мен ғалымдар айтып отыр.
Алайда кей елдерде Қазақстанда да бұл процесс өте баяу жүріп жатыр. Оның ең басты себебінің бірі- халықтың вакцинациялауға деген сенімсіздігі. Антивекторлар қозғалысы әсіресе, батыста қатты байқалған.
Өткен 2020 жылы АҚШ-та вакцинада микрочип пен магнит бары айтылатын роликтер жаппай тараған. Reuters халықаралық ақпараттық агенттігі «вакциналарда ешқандай чип, магнит жоқ!» -деп отыр.
Медициналық сарапшылар ДДҰ бекіткен барлық вакциналардың құрамын зерттегеннен кейін осындай қорытындыға келіпті. Вакцина құрамында шынымен аз мөлшерде алюмений бар, бірақ Оксфорд университетінің зерттеушілері бұл металдың вакциналардағы концентрациясы тамақ пен ауыз судағыдан аспайды деп отыр. Сонымен вакцинада чип бар ма? Ол магнитке тартыла ма?
Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен Whatsappта қолына магнит жабыстырып алған ер адамның видеосы тарады. Ол магниттің тек екпе жасатқан жерге ғана тартылатындығын айтқан. Ол бейнежазбада вакцинада чип бар деген қорытындыға келген. Вакциналанған адамдар қолына магниттер тартылғаны туралы бейнежазбалар бүгінде желіде өте көп тарап, тіпті танымал болып алды. Ең алғаш рет бұл ағылшын тілді әлеуметтік желілерде пайда болыпты. Көбінесе оны вакциналауға қарсы адамдар таратады. Олардың сөзіне сүйенсек, адам ақыл-ойын бақылау үшін COVID-19-ға қарсы екпе егу арқылы адам ағзасына микрочип енгізілетінінің дәлелі дейді. Бірақ бұл ғылыми фактіге қайшы келетін қастандық теориясы. Жалпы адамдарға COVID-19 вакцинасымен бірге чиптер салынады деген болжамдар негізсіз. Бұл миф бұрын бірнеше рет теріске шығарылған. Қабат астында бола тұра ол өзіне магнит тарта алмайды. Кеңінен таралған бейнекөрсетілімдер бірінде автор екпе салдырған балаға магнит әсерін көрсетеді. Өз бейнежазбасында мұның фейк екенін түсіндіреді. Бұл адамдарға шынайы ақпаратты жалғаннан ажыратуды үйрету үшін арнайы жасалған екен.
Осындай бейнежазбалар көптеп тарала бастаған соң вакцина алған жолдасым қолына магнит жабыстырып көрді. Шынымен жабысып тұрды. Содан кейін вакцина алмаған маған да, ұлыма да жабысатынын байқадық. Осыдан-ақ вакцинада чип бар деген сөздің негізсіз екеніне көз жеткіздік. Магниттің адам терісіне тартылуы қандай да бір физикалық құбылыстың әсері деп ойлаймын, –дейді ауыл тұрғыны Күләш.
Вакциналарда металл чиптердің болатындығы туралы теория ғылыми фактілерге қайшы келеді. Сондықтан мұндай бос сөздерге еріп, өз денсаулығымыз үшін екпе алудан бас тарту қателік екені анық.
А.ТЕКЕБАЙ
Сурет:дереккөз