Қатерлі ісік – дауасыз дерт емес

Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр.

Бүгінде обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін екінші орынға шықты. Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас. Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді.

СТАТИСТИКА 2020

жылдың өзінде Қазақстанда 185 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдыққан. Оның 34 мың 585-іне қауіпті диагноз тұңғыш рет қойылыпты. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр қатерлі ісіктен 14 406 қазақстандық көз жұмған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің мәліметіне сәйкес тіркеуде тұрған барлық обыр дертіне шалдыққандар саны - 4158 адамға жеткен, оның ішінде алғашқы анықталғандары - 919 адам. 2020 жыл ішінде қатерлі ісік ауруларынан облыс бойынша 387 адам көз жұмған.

Бүгінгі күні Атырау облысында бірінші орында сүт безінің қатерлі ісігі тұр – 865 адам, оның 116 адамы алғаш анықталғандар. ОБЫР – ҮКІМ ЕМЕС Көпшіліктің обырды үкім ретінде қабылдайтыны жасырын емес. Бірақ күн сайын дамып жатқан медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік ашты. Мамандардың айтуынша, скринингтік зерттеулер жүргізу арқылы қатерлі ісіктің көптеген түрлерін ерте анықтауға болады. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығынды 200 есеге қысқартуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар МӘМС жүйесі аталған аурулардың алдын алуға, уақытылы скринингтерді тегін өтуге мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР МЕН СКРИНИНГТЕРДЕН ӨТІҢІЗ

Скрининг – шағын болса да ең қажетті деген тексерулерден тұратын зерттеулер кешені. Көпшіліктің тегін жасалатын осы тексерулерден өтпейтіні жасырын емес. Оның себебі – адамдар жаман хабар естуден қорқып дәрігерге қаралмайды.

«Қазіргі уақытта әзірге тек онкологиялық аурулардың алдын алуға немесе дертті алғашқы кезеңдерінде ғана анықтауға болады. Қатерлі ісіктің пайда болуларының бастапқы кезеңдерінде алдын алу үшін профилактикалық тексерулер мен скринингтер, сонымен бірге емханаларда уақытылы қаралулар өткізу қажет, себебі олар тұрғындардың белгілі бір категориялары үшін тегін жүргізіледі» - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Сәбит Құралбек.

Тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінің шеңберінде және МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаларға төмендегідей скрининг түрлерінен тегін өтуге болады:

- 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обыры қаупі жоғары топқа жатады. Сондықтан олар маммографиялық тексеруден өтеді;

- 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігіне тегін тексеріледі;

- 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тоқ ішек пен тік ішек обырына тегін тексеріледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Тел: 8/556084, 8/7122/ 55 60 92.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика