Сүт безі обырын анықтайтын скрининг

Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі дерт әрі өлім деңгейі де өте жоғары.

Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің 2021 жылдың бірінші тоқсаны бойынша берген мәліметіне сәйкес облыста сүт безі обырына шалдыққан – 879 науқас есепте тұр, олардың ішінен диагноз бірінші рет қойылғандар саны – 23 науқас. Сүт безі обырынан көз жұмғандар саны – 3 адам. Сүт безі обырын анықтайтын скрининг әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді. Скринингтің мақсаты - белгілері әлі білінбеген обырды ерте анықтау және емдеу.

b

• 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс.

• Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал.

• Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.

• Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.

«Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі. Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз