Қауіпті дерттің алдын алуға бағытталған апталық өтуде

20-27 қаңтар аралығында Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында апталық жүргізіледі.

Жатыр мойны қатерлі ісігі – дүниежүзі бойынша ең жиі кездесетін қауіпті дерттің бірі. Десе де, аталмыш ауруды ерте анықтау емделуге кепілдік береді. Бұл туралы брифинг барысында облыстық онкодиспансері директорының міндетін атқарушы Эльмира Сапарова мәлімдеді.

Жатыр мойны қатерлі ісігі – жатыр мойнында пайда болатын ауру емес. Оның дертке әкеліп соқтыратын өзіндік факторлары бар. Сондықтан, ұйымдастырылып отырған ашық есік күніне барлық әйел адамдар келіп, тексерістен өтсе дейміз, – дейді Эльмира Сапарова.

Бүгінде облыстық онкологиялық диспансерінде төрт мыңға жуық науқас есепте тұр. Соның ішінде жатыр мойны қатерлі ісігімен тіркелген әйелдер саны – 523.

Айта кетейік, апталық аясында әйел адамдар онко-гинеколог кеңесін жолдамасыз ала алады. Ал, жұмыс күндері апталыққа келе алмайтындар үшін 25 қаңтар күні ашық есік күні өтеді. Мұнда келушілерді мамандар сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды.

Дереккөз:BAQ.KZ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз