Мемлекеттік қызметшілер дәрігерлермен кездесті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Денсаулық-байлық" дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілердің ашық кездесуі ұйымдастырылды.

a

№ 2 Атырау облыстық ауруханасының оташы(хирург) Мерей Ғайнеденов пен терапев Жанби Амангелдиева дәрігерлерімен жүздесті. Мұндағы мақсат - мемлекеттік қызметшілерге салауатты өмір салтын қалыптастыру және түрлі ауру-сырқаттардың алдын алып, ақпараттандыру. Кездесуде дәрігерлер емен-жарқын әңгімелерімен бөлісіп, қазіргі таңда көп кездесетін ауру түрлері мен сақтану,емделу жолдарын сөз өтті.

a

Жұмыс уақытында медициналық ақпараттар алуға көп уақыты жетіспейтін мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарына жауаптар алды. Сонымен қатар дәрігерлер мемлекеттік қызметшілерге кеңседе жұмыс жасау барысында туындайтын ауру түрлері мен олардың алдын-алудың алғышарттарын да түсіндірді.

Шара соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Әкімшілік басқармасының басшысы Сапарбай Қуанышев №2 облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сейітжановқа Департаменттің бастамасын қолдап, осындай кездесудің өтуіне мұрындық болғанына ұжым атынан алғысын білдірді.

Ал, дәрігерлердің құнды ақпараттарын тыңдаған Департамент қызметкерлері мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері осындай игілігі мол кездесулер жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT