Облыстық балалар ауруханасына 125 млн теңгеге кереует сатып алынды

ELEGANZA моделінен көпфункцияналды 15 дана, LISA моделінен 100 дана кереует балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Электрлік реттелетін арнайы төсек науқасты стационарлық емдеу мекемелерінде жоғары жайлылық жағдайында орналастыруға арналған. Интуитивті таңбалары бар кереуетті басқару блогы барлық мүмкіндіктерге жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Осылайша мейірбике қызметкерлерінің пациентке күнделікті күтім жасауын жеңілдетеді.

Аталған төсек-орын жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа медициналық бұйымдарды сатып алу порталында жарияланған тендер бойынша ұтқан мекемемен сатып алу келісім-шарты негізінде алынған. 115 кереуеттің жалпы құны 127 млн теңге тұрады.  

Төсек жеңіл және ыңғайлы, сонымен қатар максималды жайлылықты қамтамасыз етеді. Жүз төсек-орын бөлімдерге бөлінсе, жаңа әмбебап кереуеттердің 15 данасы жансақтау бөліміне орналастырылған.

Айта кетейік, облыстық балалар ауруханасы 170 орынға арналған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521