Медициналық қызметтерге қатысты 9001 кемшілік анықталды

2020 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облыстық филиалы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 9001 кемшіліктерді анықтады

2020 жылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының мамандары медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 9001 кемшілікті анықтады.

Мониторинг көрсеткендей, Атырау облысы бойынша ең көп таралған бұзушылық - бұл есеп құжаттарын қате толтыру – 4597 барлық жайттардың (51%). Келесі кезекте емдеу және диагностика шараларын орындау барысында стандарттар мен клиникалық протоколдардан негізсіз ауытқу – 4195, бұл барлық жайттың 46,6 %-ы. Сондай-ақ, науқастардың диагнозын жасанды қиындату, ауруханаға жатқызбау немесе медициналық көмек көрсетпеу, қызметтер мен дәрі-дәрмектерді "берілді" деп жалған толтыру жайттары кездеседі. Медициналық ұйымдар айыппұлының жалпы сомасы 478 253 557 мың теңгеден асады.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша ӘСМҚ мамандары 21 мыңнан астам қызметтің шын мәнінде орындалмағанын анықтады, олардың жалпы құны 290,9 млн теңгеге (экономикалық шараларды ескергенде) жетеді. Оның ішінде амбулаториялық-поликлиникалық көмек, кеңес беру және диагностика қызметтері деңгейінде Атырау облысы бойынша – 145 881 111 мың теңге сомасына 55 592 кемшіліктер анықталып отыр» - деп тоқталды Атырау облысы бойынша филиал директоры С. Құралбек.

Биыл Қор сапаны бақылау жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Медициналық қызметтерді көрсету тәртібі мен пациенттердің құқығын бұзуға әкеп соғатын жағдайлар мен себептерді анықтау және алдын алуға бағытталған проактивті мониторинг енгізіледі. Бұдан былай кемшіліктер анықталған жағдайда қызметті ұсынушы қорытынды шығарылған сәттен бастап 45 күнтізбе күні ішінде анықталған кемшіліктерді жойып, орындалмаған міндеттерді орындауы тиіс. Әйтепесе, аталған мерзім өткен соң айыппұл салынатын болады.

«Медициналық ұйымдардың басшылары берілген мүмкіндікті пайдаланып, кемшіліктерді жойып, пациенттерді қолдау және сапаны сараптау қызметтерінің жұмысын күшейтуі тиіс. Орта медицина қызметкерлерінің медициналық құжаттарды дұрыс толтыруын, сонымен бірге дәрігердің тағайындауларын уақытылы орындауын жүйелі түрде тексеріп, сараптама жүргізіп отыру қажет», - дейді қор филиалы директоры С. Құралбек.

Қор пациентттердің құқығын қорғауға мүдделі, сондықтан халықтан медициналық қызметтің сапасыз орындалуы немесе орындаудан бас тарту жайттарын кері байланыс арналарының бірі арқылы хабарлауды сұрайды – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot телеграм-боты, fms.kz ресми сайты және 1406 байланыс орталығы.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT