Махамбеттік 1 адамнан Covid-19 инфекциясы анықталды

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта.

Өткен тәулікте Атырау облысында 33 адамнан коронавирус инфекциясы расталды.

Бұл туралы Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан 14 адам Атырау қаласының тұрғындары. Теңіз кешенінен 17, Құрманғазы ауданынан 1, Махамбет ауданынан 1 адамнан инфекция анықталып отыр.

Қазіргі таңда ауру 10 науқаста симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес өткен тәулікте инфекциядан 24 адам сауығып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 106 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 75 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 17 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 260 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT