Медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теңгеден астам жарна түсті

Өткен айда еліміз бойынша Медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теңгеден астам жарна түсті.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады.

Оның 140,5 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жоғарыда аталған мерзім ішінде медицналық сақтандыру қорына Атырау облысы бойынша түскен жарнаның жалпы сомасы 9 млрд 469 млн теңгені құрап отыр.

Оның 9 млрд 171 млн теңгесі (шамамен 96,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 297 382 797 98 млн. теңге (3,6% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT