Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллез – қызбамен, қан тамыры, жүйке және басқа да жүйелердің әсіресе, тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен бірге жүретін инфекциялық ауру.

Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жеке аулаларында мал ұстайтын адамдар:

- жануарларды ветеринариялық мекемеде тіркеуі, бирка түрінде тіркеу нөмірін алуы;

- сатып алу, сату, союға өткізу, жайылымға жіберу, жайылымда орналастыру және басқа да қозғалыстарды тек ветеринариялық қызметтің рұқсатымен және келісімімен жүргізуі;

- жаңадан сатып алынған жануарларға ветеринариялық зерттеулер мен өңдеу жүргізу үшін 30 күн бойы карантинге қоюы;

- бруцеллезге күдікті (түсік, өмір сүруге қабілетсіз төлдің туылуы) аурудың барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке хабарлауы;

- малды бағу бойынша ветеринариялық қызметтің ұсынымдарын қатаң сақтауы қажет.

Бруцеллезді жұқтырудың алдын алу мақсатында халық:

- өнімдерді қатаң белгіленген орындарда (базарлар, дүкендер, шағын маркеттер және т.б.) сатып алуы;

- жеке адамдардан сатып алынған шикі сүтті пайдалануды болдырмауы;

- етті сатып алғанда ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізілгенін растайтын құжаттарды талап етуі;

- етті дайындаған кезде кемінде бір сағат термиялық өңдеуден өткізіп, шағын кесектермен пісіруі қажет.

Есте сақтаңыздар! Карантиндік іс-шараларды және жеке профилактика шараларын білу және оны қатаң орындау жануарлар арасында инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Көрсетілген ұсынымдарды сақтау бруцеллезді жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.

К.ӘЖДЕНҒАЛИЕВА,

басқарма жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT