Медицина: Атырауда сақтандырылмаған азаматтар қатары азаймай тұр

 

Бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен селекторлық жиында қаралды. Бұдан бөлек, медициналық ұйым басшылары бас қосқан мәжілісте медперсоналдардың біліктілігі мен тұрғындардан түсетін арыз-шағымдар мәселесі талқыланды – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АО филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың мәліметінше,  облыста сақтандырылмаған азаматтардың саны 13,3 пайызды құрайды.

Бұл ретте, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова аудан әкімдерінің орынбасарлары мен жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді және жиі шағым түсетін медициналық ұйымдардың қызметін сынға алды.

- "Басы ауырып, балтыры сыздаған" адамның үміті - дәрігерлер. Науқас адам тектен-тек шағым айтпайды. Әр аурухана, әр емхана басшылығы науқастарға жылы қарап, олардың тарапынан келген арыздар бойынша шара алып,  кемшіліктерді болдырмауға жұмыстануы  керек - деді, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік,  бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тіркеу бөлімі қызметкерлерінің біліктілігін анықтау мақсатында, 2020 жылдан бері «Жасырын пациент» бағдарламасы жұмыс жасап келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT