Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 86 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 56 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 4 жағдай, Индер ауданында - 2, Исатай ауданында - 3 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында - 1, Мақат ауданында - 2, Махамбет ауданында - 5 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 38 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 478 адам емделді.
Қазір 3 028 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 151, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 61, кардиоорталықта - 13, т/ж ауруханасында - 14 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 11, жатақханада - 33, аудандық инфекциялық стационарларда - 147. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 136 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.