Атырау облысында бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 386 адам анықталды.
Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды.
Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 34, Индер ауданында - 24, Исатай ауданында - 6, Қызылқоға ауданында - 17, Құрманғазы ауданында - 15, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында-16 адам анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді.
Сурет:дереккөз