Коронавирустың адам ағзасына әсері

SARS-CoV-2 коронавирусы жұқпасы асқынған респираторлық жедел ауруды тудыратын аса қауіпті індет.

Бұл вирус жұқпасының ауру белгілері басқа инфекция көздері сияқты, таралу жолдары ауалы-тамшылы, тыныс алу жолдары арқылы еніп, шырышты тіндерге жабыса шоғырланып, адам ағзасында қабыну процесін жүргізеді.

Белгілері ауыз қуысының құрғауы, тамақ жұтқыншақ қуыстарының жұтындырмауы, дене қызуы көтеріліп қатты тершеңдіктің байқалуы, бас аурып, жүрек қағысы жиілеп, кей жағдайда иіс сезбеу және тәбеттің болмауы мүмкін. Қауіпті инфекция адамдардың жас ерекшеліктеріне және ағзаның иммунды қорғаныс әрекеттіне қарай жеңіл ауру белгілері байқалмай өтсе, кей жағдайда қосымша созылмалы егде тартқан адамдарда ауыр түрде өтіп, өкпенің қабынуына әкеліп, тыныс алуы қиындап өлімге әкеледі.

Осы кезде науқастанған адам коронавирус жұқпасына қарсы емдік шараларын өз бетінше жасамай, шұғыл жедел жәрдем шақырып, медициналық көмекке, дәрігер кеңесіне жүгінгені жөн. Әрі қарай індетке қарсы профилактикалық және иммундық жүйені күшейту үшін қажетінше адам ағзасына күш беретін сапалы дәрумендер пайдаланып, құнарлы нәрлі табиғи тағам-өнімдерімен тамақтанып, тыныс алу, өкпе, жүрек қантамырларының жұмысын жақсартуға дене шынықтыру жаттығуларын жасаған пайдалы.

Жұқпаның алдын алу үшін күнделікті гигиеналық талаптарды орындасаңыз :

- бір реттік медициналық бет пердесін кию;

- қолыңызды және бетіңізді мұқият сабындап жиі жуу қажет;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;

- науқас адамдармен байланысқа түспеу.

Кез келген дерттің алдын алуға болады. Бәрі өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген даналық сөз аса маңызды.

Г.ӨРБІСІНОВА,

вирусологиялық зертхана меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT