Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік мүдделерді қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан, тең дәрежедегі медициналық және дәрілік көмекті қамтамасыз етеді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл тұрғындарды ауру, жарақат, жүктілік, бала туу, мүгедектік, кәрілік жағдайындағы әлеуметтік қорғау үлгісі. Көптеген дамыған елдер тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж адамдарға ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС жүйесін таңдаған.
МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Мемлекет халықтың экономикалық белсенді емес азаматтарына жарна төлейді (тізімі төменде). Жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлерге, жұмыскерлер мен салық органдарында тіркелген өз-өзін жұмыспен қамтушы азаматтар – өздері үшін жарна төлейді. Осылайша, «сен бүгін басқаларға, ертең олар саған көмектеседі» деген ортақ жауапкершілік қағидаты бойынша, көмекке мұқтаж адамдарға мұқтаждығы төмен азаматтардың есебінен қызмет көрсетіліп, қаржыны тиімді бөлуге мүмкіндік беред.
Медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу арқылы, сіз қабылдаудан бастап дәрігердің толыққанды тексерулеріне дейін және МӘМС пакеті шеңберінде қымбат операцияларға, кез-келген емханада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізе аласыз.
Егер азаматқа жарна аударылатын болса, ол автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осылайша, ең төменгі деңгейде жарналық аударымдар жасай отырып, азамат медициналық қызметтің бүкіл пакетін, оның ішінде қымбат қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алады.
Қор өз кезегінде тиісті талаптарға сәйкес келетін медициналық қызметтер көрсетуші мердігерлермен келісім-шарт жасап, медициналық қызмет сапасын қатаң бақылайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында Махамбет аудандық ауруханасы бойынша Астана, Алматы қалаларына жоғары технологиялық медициналық емге 2023 жылдың 5 айында 48 науқас жолданып емдерін алып келсе, 2022 жылы 131 науқас емделген. Портал арқылы 631 науқас 2023 жылдың 5 айында емге жолданса, 2022 жылы 1532 адам емге жолданды.
Махамбет ауданында 9 ауылдық округте 01 наурыз жағдайымен 29 176 (Бекітілген Халық Тіркелімі порталы бойынша 25767 тіркелген) халық тұрады. Оның ішінде күні бүгін 2393 адам сақтандырылмай, сақтандырылмағандар 9,2% пайызды құрап отыр. Ауданда сақтандырылмағандар саны жыл басында 2498 адамды құраса, бұл көрсеткіш 98 адамға төмендеп, 2403 адамды құрады.
Осы 2403 сақтандырылмаған азаматтардың жүйедегі соңғы әлеуметтік статустары төмендегідей: 928 адам – жұмысшылар. Олар негізінен вахталық жұмыс жасайтын азаматтар. Демалысқа келген уақыттарында жұмыс берушілер оларға жарна аудармайды. Өздеріде жарна төлемейді. Сондықтан жиналып 3 айдан асып кеткен соң сақтандырылмағандар санатына қосылады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне сақтандырылмаған азаматтарды қамтуды арттыру бойынша 2023 жылға арналған ведомствоаралық жол картасында» берілген тапсырмаларды талқылау мақсатында аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен, аудандық аурухана директорымен елді мекен дәрігерлерінің қатысуымен жиын өткізіліп, хаттамалық тапсырмалар берілді. Аудан әкімдігі және ауылдық округ әкімдіктері жанынан мобильді топтар құрылып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының дайындаған «Хабарламаны» ауылдық округтерде салаға жауапты мамандардың, медицина ұйымдарының, жастардың, волонтерлардың көмегімен әрбір сақтандырылмаған 1170 азаматтарға 3400 таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тұрғын үйлерінде, елді мекенде жоқ, жұмысқа кеткен азаматтарға WhatsApp, Telegram мобильді қосымшалары арқылы өзінің мәртебесін тексерту жолдары туралы түсіндірме ақпараттар жолданды.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Махамбет ауданы әкімі Қ.Е.Нұрлыбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өткізіліп, аудандағы мекеме басшыларына сақтандырылмаған азаматтардың ішіндегі жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және т.б санаттағы азаматтармен алдын ала 12 айға жарна төлеу мүмкіндігі заңды күшіне енгендігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу және сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында тізім ішіндегі жұмыссыздарды ресми жұмыссыздар есебіне тіркеу бағытында шаралар қабылдау жөнінде хаттамамен тапсырмалар беріліп, бақылауға алынды.
Сонымен қатар, аудандағы жеке кәсіпкелерге МӘМС жүйесіне алдын ала 12 айға жарна төлеу мүмкіндігі заңды күшіне енгендігі жөнінде Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің әлеуметтік парақшасында аудандық аурухана маманы Брифинг ұйымдастырып, ақпараттық тікелей эфирде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сақтандырылмаған азаматтар 12 ай алға жарна төлеуден тұрақты табыс көздері болмауына байланысты бас тартып отыр және сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету бағытында бюджетте қаржы қаралмаған. Махамбет ауданы бойынша сақтандырылмаған азаматтарды негізін вахталық кезеңмен жұмыс жасайтындар құрайды , себебі демалған кездерінде жұмыс берушіде, өзіде жарна төлемейді, оларғада түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлерге ұсыныстар енгізілуде. Демеушілер табылған жағдайда сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Төлеген Бауыржан
Махамбет аудандық ауруханасының директоры