МӘМС: Атырауда 1 тоқсанда 84 шағым қабылданған

2022 жылдың 1 - тоқсанында әртүрлі байланыс арналары арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалына  84  өтініш келіп түсті, оның 25 тен астамы – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар. Пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, бейінді мамандарға жазбаның болмауына шағымданды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. Күн сайын Қор келесі ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды:

- 1406 байланыс орталығы,

- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,

- fms.kz ресми сайты,

- Telegram-дағы  @SaqtandyrýBot.

 «Шағымдардың негізгі себептері-тағайындалған емдеумен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор филиалы әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Б. Газизов.

Өтініштерді талдау қорытындылары бойынша пациенттердің құқықтарын бұзу жағдайларын болдырмау немесе алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникалармен қажетті жұмыстарының бағыттарын анықтайды. Бұл үшін Қор филиалы  семинарлар ұйымдастырады, медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын түзетеді, тестілеу өткізеді, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар береді. Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын жақсарту және медициналық қызметкерлер мен тіркеу, анықтама қызметтерінің МӘМС жүйесінің жұмысы және медициналық қызметтер туралы білімдерін тексеру үшін Қор тұрақты түрде «Жасырын пациент» акциясын өткізеді.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеру және жүргізілген төлемдер туралы Медициналық сақтандыру қорының "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы мен Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы біле аласыз, немесе ҚР және egov.kz электрондық үкіметі сайтының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну мемлекеттік қызметіне» тапсырыс бере аласыз.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT