Аурухана басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Махамбет аудандық ауруханасының директорына мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 136 835 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Махамбет ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен Аурухана директоры мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған 3 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызбен сотқа жүгінбегені анықталған.

Осыған орай, аудан прокуратурасы Атырау облысы бойынша мемлекеттік ішкі аудит департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіп, Аурухана директоры ӘҚБтК-тің 207 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, аудан прокуроры Бағытжан Қалиев хабарлағандай, аталған Аурухана тегін негізде өткізілуге тиіс санаттарға жатпайтын 84 адамды «COVID-19» коронавирус инфекциясы бойынша ПТР тексеруден өткізіп, 414 251 теңгені негізсіз жұмсаған.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасына бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп, қаражат бюджетке өндірілуде.

 

 

Махамбет ауданының прокуратурасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT