Соңғы айларда ауданымызда қызылша ауруы таралуда. Қызылша – кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбінесе балалар ауырады, дене қызуының 38—40°C дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады.
Бұл инфекцияға шалдыққыштық 100% - ол дегеніміз, егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.
Аудан бойынша маусым айынан бастап аурушаңдық тіркелді. Әсіресе қазан айында өршуі байқалды. Тіркелген жағдайлардың 10-ы лабораторлы расталмаған. Ал, қалған 17-сі расталып отыр. Оның ішінде 7-і ересек адамдар, қалғаны балалар. Оның екеуі стационарлы жағдайда, қалғандары амбулаторлы жағдайда емдерін алды. Қызылшамен ауырудың негізгі себебі осы ауруға қарсы екпе алмау болып отыр. Соңғы тіркелген жағдайларды саралап, екпелерін тексеру кезінде 2021, 2014, 2018 жылы туылған балалардың екпе алмағаны анықталған.
Қызылша ауруының алдын алу бойынша 0жастан -10 ай29 күнге дейінгі балаларды және 2жас, 3жас,4жас 11 ай 29 күн аралығындағы балалармен бірге екпе статусы белгісіз 18 жасқа дейінгілерді, ересектерді және 55 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлерді жаппай иммундауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Балымгүл Сақтапова, аудандық аурухананың отбасы денсаулығы орталығы меңгерушісі