Коронавирус жұқтырған 4 адамның біреуі жылыойлық екені анықталды

Бүгін түнде Қазақстан бойынша тағы 7 адамнан қауіпті індет анықталды.

Ауру жұқтырғандардың төртеуі Атырау облысында тіркелді. Оның ішінде Атырау қаласында – 3, Жылыой ауданында – 1 адам есепке алынды. Қазіргі таңда науқастардың барлығының бұған дейін вирус жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталып отыр.

“Аталған азаматтардың барлығынан зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды.Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр” делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, 8 сәуір елорда уақытымен 8.45 сағаттағы дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 704 адам коронавирус дертінен емделіп жатыр.

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT