2020 жыл Елорда уақытымен 7 сәуір 08:35 сағаттағы жағдай бойынша, ел ішінде коронавирус індетін жұқтырған тағы 8 адам тiркелдi.
Жаңа деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Атырау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 4 адам есепке алынды.
Атыраудағы қауіпті індетке шалдыққандар арасында 82 жастағы ер адам, 37 жастағы әйел адам және 18 жастағы ер бала бар.
“Зейнеткер ер адам пневмонияға шалдыққан. Оның жағдайы ауыр” делінген Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте. Қазіргі таңда науқастардың барлығы инфекционды стационарда ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлердің мәліметінше, бүгінде Атыраудағы 28 емделушінің жағдайы қанағаттанарлық. Екі науқастың жағдайы орташа. Екі адам ауыр жағдайда жатыр.
Жалпы ел бойынша 670 науқас тіркелді.