Кәмпиттен уланған он жасар бала

Атыраулық облыстық балалар ауруханасы энергетикалық кәмпиттен уланған он жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.

19 желтоқсан күні кеші сағат 19:30 шамасында балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ес-түссіз, ауыр хәлде 2009 жылғы ер бала жеткізілді. Баланы жедел жансақтау бөліміне жіберіп, асқазанын тазалаған.

"Бала бір сағат шамасында есін жиып, жан-жағын тани бастады. Келесі күні науқас педиатрия бөліміне ауыстырылды. Баланың айтуынша, сабақтан шыққан соң 7-8 энергетикалық кәмпитті сатып алып, бірден жеп қойған. Содан кейін өл өзін жайсыз сезінген. Әрі қарай не болғанын айта алмады. Қазіргі баланың жағдайы жақсы, үйіне жіберілді" - деді басқарма.

Дереккөз: tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT