Бес балаға жұлыннан бірегей ота жасалды

БЦСА (балалар церебрал сал ауруы) дертіне шалдыққан бес атыраулық балаға ота жасалуын және олардың әрі қарай оңалуын "Милосердие" қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Израильден шақырылған нейрохирург Алматыдағы клиникалардың бірінде қазақстандық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді. Оның ішінде, сегіз бен он бес жас аралығындағы балалардың жұлынына ота жасалды. Ота барысында израильдік дәрігердің ассистенті – Атырау облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі – Арипов Шадиор болды. Әр отаның ұзақтығы сегіз сағатқа дейін созылды.

ota13

- Барлық оталар сәтті өтті. Отадан соңғы оңалу жеті күнге созылды. Одан соң, 9 желтоқсанда, біз Атырауға қайттық, - деді Шадиор Арипов.

Қазіргі таңда, балалар облыстық балалар ауруханасы базасында қалыпқа келу емі кезеңінен өтуде. Жергілікті дәрігерлерге алматылық мамандар – "АРДИ" оңалту орталығының дәрігерлері жәрдемдесетін болады.

Олар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерін бірегей емдік денешынықтыру әдістеріне үйретеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз