Елімізде өткен тәулікте 12 адам жұқпалы індеттен емделіп шықты

Осылайша Қазақстанда COVID-19 індетінен айыққандардың жалпы саны 100 627 адамға жетіп отыр, деп хабарлайды ATPress.kz

coronavirus2020.kz мәліметінше, жазылып шыққан науқастар бойынша ең көп көрсеткіш Павлодар (5 адам) облысына тиесілі. Атырау облысында төрт адам дерттен айықса, Нұр-Сұлтан (1 адам) мен Алматы (1 адам) қалалары және Қарағанды (1 адам) облысында да емделіп шыққандар бар.

Өткен тәулікте Атырау облысы бойынша 11 адамнан коронавирус анықталып, облыс бойынша ауырғандар саны 11 006 адамға жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT