Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 72 адам тіркелді

Елімізде тағы 72 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4277-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"6 мамыр 09:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында - 20 адамнан, Маңғыстау облысында - 3 адамнан, Атырау облысында - 14 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 4 адамнан, Қызылорда облысында - 1 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 22 адамнан, Ақтөбе облысында - 5 адамнан, Жамбыл облысында - 2 адамнан, Қарағанды облысында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы – 754

Алматы қаласы – 1392

Шымкент қаласы – 216

Ақмола облысы – 101

Ақтөбе облысы – 168

Алматы облысы – 163

Атырау облысы – 223

Шығыс Қазақстан облысы – 30

Жамбыл облысы – 162

Батыс Қазақстан облысы – 203

Қарағанды облысы – 169

Қостанай облысы – 53

Қызылорда облысы – 218

Маңғыстау облысы – 88

Павлодар облысы – 152

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Түркістан облысы – 155.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT