Екпе алмау – өзіңізге жасалған қастық

КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ САЛДАРЫНАН ЕЛІМІЗДЕ МЫҢДАҒАН ОТБАСЫ ЖАҚЫН-ЖУЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛЫП, ҚАРА ЖАМЫЛЫП ОТЫР. АЛАЙДА, ЕКПЕ ТУРАЛЫ ҚАУЕСЕТТЕРГЕ СЕНЕТІНДЕР ӘЛІ ДЕ БАР. МҰНДАЙ САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДЫҢ УШЫҒУЫНА ӘКЕЛУДЕ.

ЖАППАЙ ЕГУ НАУҚАНЫНА ҚАРСЫ КӨЗҚАРАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ БАРЫН ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫНДА АТАП АЙТТЫ.

Насихаттық-түсіндірме топтың мүшесі ретінде халықпен тығыз бай ланыста жұмыс жасағалы көп мәселеге көзім жете бастады. Кейбір адамдар екпе туралы әлі теріс пікірде жүр. Бүгінде вакцинаның қауіпті вирус тан құтқарар жол екенін түсіндіру мақсатында бір күнде бірнеше ұжыммен кездесу өткіземіз. Әрине, әр адамның сауалына жан-жақты жауап беру де зор жауапкершілік жүктейді. Бар уақытыңды халыққа екпенің пайда сын түсіндіруге арнағаныңмен, жалған ақпараттарға еріп, маман пікіріне құлақ асқысы келмейтіндерді көргенде шы ныменен «әттең-ай» деп қынжыласың. Ал, соңғы кезде «Балаларға екпе міндеттеледі», «Мектепті балаларға екпе салу мақсатында ашып жа тыр» деген негізсіз ақпаратқа сеніп жүргендер көп. Сондықтан, қоғамдық теріс пікір қалыптастыру мақсатымен жалған ақпарат тарататындарды қатаң жауапкершілікке тарту керек деп санай мын. Жағдай осылайша жалғаса берсе, халықтың денсаулығына қауіп төнетіні анық. Қоғамның түйіткілді мәселесін Мемлекет басшысы өз Жолдауында атау сыз қалдырмады. Басым бағыттардың бірі ретінде денсаулық саласына маңыз беріп, «олар өзге азаматтарды адасты рады» деп антиваксерлер туралы ащы шындықты айтты.

– Бізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтардың таңдау құқығы бар. Елімізде жаппай екпе егу науқаны жүріп жатқанымен, қоғамда вакцинаға қарсы азаматтар әлі де көп. Олар өздері бас

тартып қана қоймай, өзге азаматтарды адастырады. Жаппай вакцинациялау қарқынды жүргенде ғана, біз қауіпті індетке тосқауыл қоя аламыз,- деді Мемлекет басшысы. Президент сонымен қатар, са ланы дамыту үшін қомақты қаржы бөлінетінін жариялады. Осы қаражат халықтың денсаулығын нығайтуға, коронавирус екпесінен бөлек жо спарлы екпе салуға, жалпы, отандық дәрі-дәрмек пен медициналық құрал жабдықтардың үлесін 50 пайызға жеткізуге бағытталатынын айтты. Бұл құптарлық шешім. Әлемдік пан демия бізге медицина саласын дамыта түсу қажеттігін көрсетті. Өткен жылға қарағанда биыл мамандар біраз тәжірибе жинақтап, індетке қарсы жүйелі жұмыстар атқаруда. Алайда, аурудың алдын алатын екпені алмай, вирустың салдарынан адамдардың беймезгіл өмірмен қоштасып жатқаны шынымен жаныңды ауыртады. Бұл індет әсіресе, созылмалы дерті бар тұрғындарға аса қауіпті. Екпе оларға індетті жұқтырған кезде, клиникалық жағдайы ауыр өтпес үшін, емді қабылдаған сәтте тез сауығып кету үшін салынады. Міне, адамдар осыны түсінуі керек. Бүкіл әлемде паразиттік, инфекциялық, бактериялық, яғни, эпидемияға әкелетін аурулардың барлығын вакцинациялау арқылы тоқтататынымыз мәлім. Сондықтан, пандемия басталғалы бері бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Өзім басшылық ететін №7 Атырау қалалық емханада екпе алушылар қатары күннен күнге артып келеді. Қазіргі уақытта емханаға келушілерге қолда бар ресейлік «Спутник V», қытайлық «CoronaVac» және «Vero-Cell» екпелері ұсынылуда. Бұлардың барлығы екі компонентті. Екпені салмас бұрын алдымен азаматтардың денсаулығы мұқият тексеріледі. Ал, вакцина алмай, түрлі қауесеттерге сенгендер – өздеріне қастық жасап жүргендерін ұғуы керек. Жалпы, облыста 1 ақпан мен 31 та мыз аралығындағы кезеңде барлығы 194 576 адам Covid-19-ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілсе, екінші компонентін алғандар саны – 141 133.

Гүлнәфис ТАҢБАЕВА,

№7 Атырау қалалық

емханасының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT