Атырауда бір тәулікте 80 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 80 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 48 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 6 науқас, Исатай ауданында - 1, Қызылқоға ауданында  - 3, Құрманғазы ауданында- 4 науқас, Махамбет ауданында - 3 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 32 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 664 адам емделді.

Қазір 5 121 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 174, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 67, кардиоорталықта - 34, т/ж ауруханасында - 21 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 71,
аудандық инфекциялық стационарларда - 191. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 234 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз