Атырауда балалар арасында кавасаки синдромы тіркелген жоқ(+ВИДЕО)

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, кавасаки синдромы жұқпалы дерт емес. «Кавасаки синдромы - тамырішілік жүйелік қабыну.

"Кавасаки синдромы - тамырішілік жүйелік қабыну. Бұл 5-15 жас аралығындағы балаларда кездеседі. Бірақ, ауру мың баланың ішінде бір балада немесе он мың баланың ішінде бір балада тіркелуі мүмкін. Тағы бір ескерерлігі, отбасы мүшелерінің бірі коронавируспен ауырған жағдайда, сол жанұяның балаларында кавасаки синдромы кездесуі мүмкін» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері Балалар бөлімінің меңгерушісі Марат Шуақбаев.

Дәрігер Марат Шуақбаевтың айтуынша, кавасаки синдромының алғашқы белгісі - бірінші күні дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, екінші күні баланың бетіне бөрітпе шығады. «Уақытында ем қабылдамаса, бөрітпе аяқ-қолға да тарап, мойын ісінеді. Төртінші-бесінші күндері дене қызуы жалғасып, бала басын бұра алмайтын, жағын аша алмайтын жағдайға жетеді. Бұл жердегі ата-ананың міндеті балада осындай белгі пайда болған жағдайда, дәрігер шақыру» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері Балалар бөлімінің меңгерушісі Марат Шуақбаев.

Кавасаки синдромының белгілері пайда болған жағдайда жалпы қан талдауы, қанның қоюлығын немесе сұйықтығын қалыптастыратын зерттеу және белокқа анализ тапсыру қажет.

«Бір күн ішінде дайын болатын осы қан талдамаларын тапсыру арқылы, ем қабылдауға болады. Денсаулықтың кепілі – күннің көзі, су, ауа, тамақ. Осы балансты қалыпқа келтірген жағдайда, баланың иммунитеті жақсарады» деп нақтылады дәрігер Марат Шуақбаев.

Айта кетелік, коронавирус инфекциясы мен синдром кавасаки екеуін шатыстыруға болмайды. Кавасаки синдромы туралы алғашқы сипаттаманы 1967 жылы жапон ғалымы Кавасаки жазып қалдырған.

Сурет:дереккөз

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика