Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус ауруының тағы 14 жағдайы ПТР арқылы расталды.
Бұл жайында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласынан тіркелген.
Сондай-ақ, Теңіз кенішінен - 3 жұмысшыдан, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет аудандарынан бір адамнан Сovid-19 жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 5-інде ауру симптомды түрде өтіп жатыр.
Өткен тәулікте Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 133 адам үй жағдайында емделуде.
Ал, облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 4, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 38 адам ем қабылдауда.
Сурет:дереккөз