Атыраулық мамандар коронавирус инфекциясы таралып жатқан негізгі ошақтарды атады

​ Эпидемиологиялық зерттеулер қатерлі инфекцияның негізінен адамдар көп шоғырланған қоғамдық орындарда жұғатынын көрсетіп отыр.

«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлдана Бисенбай мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Инфекция негізінен адамдар көп жиналатын орындарда, яғни, сауда үйлері, базар, медициналық ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, түнгі клуб, той-садақаларда жұқтыруда. Сонымен бірге, коронавирус науқаспен​ жақын қарым – қатынаста болғандар, қоғамдық көлікті жиі қолданушылар, ​ вахталық кент жұмысшылары арасында кеңінен таралып отыр» деп атап өтті спикер Гүлдана Бисенбай.

Еске сала кетелік, 1-23 ақпан аралығында Атырау облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 908 дерегі тіркелді. Қатерлі инфекцияның таралу жылдамдығы бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT