Атыраулық дәрігер «Омикрон» штаммынан кейін балаларла болатын асқынулар туралы айтты

«Омикрон» штаммынан кейін балада ​ көп жүйелі қабыну синдромдары пайды болуы мүмкін. Яғни, жаңа штамм өкпе, тыныс алу жолдарын зақымдайды, қан тамырлары, жүрек, бүйрек аурулары, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Бұл туралы №4 Атырау қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері Хамзин Тілепберген мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының коммуниккациялар қызметі.

​ ​ «Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша корронавирус ауруының өршіп тұрғанын байқауға болады. Денсаулық сақтау қызметкерлеріне де үлкен жүктеме түсіп жатыр, амбулаториялық, стационарлық деңгейлердің бәрінде аурушаңдық қайта өршіді», - деді дәрігер сұқбатында.

Маманның айтуынша, жаңа штамның анықталуы дүниежүзі елдерін алаңдатып отыр. Жаңа штаммның​ «Дельта» штаммымен салыстырғанда жұқпалылығы 5-10 есе жоғары.​ Тағы бір алаңдататыны, «Омикрон» штамының адам денесіне енетін тікенекті ақуызы болады. Жаңа штамм​ мутацияға ұшырап, жылдам өзгеріп отырады. ​

«Аурудың бастапқыда тұмау секілді басталып, адамның тұла бойының қатты ауыруына, тершендікке әкеп соқтырады. Қазіргі жағдай жаңа штамның 20-39 жас аралығында жастарға​ белсенді жұғып отырғанын көрсетіп отыр.

Балалар бұл ауруды жеңіл өткереді. Алайда, балада 2-3 айдан кейін көп жүйелі қабыну синдромдары пайды болуы мүмкін. Яғни өкпе, тыныс алу жолдары зақымдануы, қан тамырлары, жүрек, бүйрек аурулары, жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Сондықтан, аурудан қорғанудың ең тиімді әрі жалғыз жолы – вакцина алу» деді эпидемиолог дәрігер Хамзин Тілепберген.

Маска тағып жүру, қолды таза ұстау, халық көп жиналған орындарға, сауда орындарына бармау, қонақ шақырмау секілді қарапайым сақтық шаралары өзекті болып қала береді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT