«СК Фармация» ЖШС Атыраудың медицина мекемелеріне бұған дейін 345 млн теңгеге жіберілген дәрі-дәрмектерге тағы да қосымша 876 млн теңгеге түрлі дәрі-дәрмектер жіберді.
«Дәрі-дәрмектер стационарларға, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған адамдарды рецепт бойынша дәрімен амбулаториялық қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелерге жеткізілді. Емделушілер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тегін кепілдендірілген медициналық көлемі аясында берілді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы
Сурет:дереккөз