Атырау облысында өткен тәулікте 28 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 2-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 22 жұмысшыдан, Индер-2, Құрманғазы ауданында 2 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 3-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 40 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 95 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 70 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 16, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 221 адам оқшауланып ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты бүгін, он төртінші күн – Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.
Сурет:дереккөз