Атырауда бір тәулікте 480 адам коронавирус жұқтырған

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 480 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 406 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 45 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 1 науқас, Индер ауданында – 10, Қызылқоға ауданында – 6, Құрманғазы ауданында – 10, Мақат ауданында – 1, Махамбет ауданында – 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 316 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 164 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 60 адам емделді. Қазір 3839 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 207, екінші облыстық ауруханада – 197 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 87, кардиоорталықта – 106, т/ж ауруханасында – 93 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда – 374.

Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 240 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз