Атырауда бір тәулікте 302 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 302 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 187 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 55 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Индер ауданында - 21 науқас анықталған, Исаиай ауданында - 3, Қызылқоға ауданында - 3, Мақат ауданында - 20, Махамбет ауданында - 13 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 72 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 230 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 544 адам емделді.

Қазір 8 414 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 193, екінші облыстық ауруханада – 179 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 65, кардиоорталықта - 96, т/ж ауруханасында - 76 адам ем алуда,  облыстық ауруханада - 159, жатақханада - 96,
аудандық инфекциялық стационарларда - 352. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 410 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT