Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 130 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 99 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 9 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 13 жағдай, Исатай ауданында - 1 науқас анықталған, Құрманғазы ауданында - 5, Мақат ауданында - 2, Махамбет ауданында - 1 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 79 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 51 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 591 адам емделді.
Қазір 4 171 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 170, екінші облыстық ауруханада – 139 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 65, кардиоорталықта - 34, т/ж ауруханасында - 19 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 65,аудандық инфекциялық стационарларда - 167. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 188 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.