Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 127 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 62 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 9 жағдай, Индер ауданында - 9 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында - 13, Құрманғазы ауданында - 7, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында - 9 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 67 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 60 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 696 адам емделді.
Қазір 4 567 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 176, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 68, кардиоорталықта - 34, т/ж ауруханасында - 19 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 67, аудандық инфекциялық стационарларда - 184. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 227 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.