Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 15 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Жедел штаб.
Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Инфекция 14 ер адам мен 1 әйелден міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған. Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды, оларға алгоритмге сәйкес ем жүргізілуде.
Сондай-ақ, ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.
Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 959 адамға жетіп отыр. Ал, жазылып шыққандар саны - 262.
Сурет:дереккөз