Аймақта COVID-19 жұқтырғандар саны мыңнан асты

31 мамыр күнгі дерек бойынша Атырау облысында қауіпті індетті жұқтырған 69 адам тіркелді.

Оның ішінде 54 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Сонымен қатар тағы 11 адам Атырау қаласының тұрғындары, олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринигтен өткен.

Сондай-ақ 3 жағдай 1965, 2018, 2020 жылы туған Жылыой ауданының, біреуі 1991 жылы туған Мақат ауданының тұрғынындарынан тіркелді.Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

31.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1105 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны — 314.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT