Жауапкершілік жүгін сезіндік

«Нұр Отан»партиясы - еліміздің саяси күші.

Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 27-29 қараша күндері ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізілген «Елбасы және Ұлы дала шежіресі»атты іс-шараға еліміздің барлық өңірінен «Nur Otan» партиясы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатыстық.

Бұл басқосудың ерекшелігі, жиынға еліміздің шалғай елді мекендерінен әр салада еңбек етіп жатқан еңбек адамдарының қамтылуы. Олардың құрамында денсаулық, білім, мәдениет, жеке кәсіпкер, көпбалалы ана, мемлекеттік қызметкерлер бар.

a

Атырау облысы бойынша біз Қызылқоға, Индер, Махамбет ауданынан үш адам қатысушы ретінде бардық. Нұр-Сұлтан қаласына алғаш барған күні «Nur Otan» партиясының төраға орынбасары Б.Байбектің қабылдауында болдық. Қабылдау өзгеше кең фарматта ашық емен-жарқын еркін бағытта өтті.

Төрағаның орынбасары ел тәуелсіздігі, тәуелсіздікті орнату жолындағы Елбасының еңбегін және оны тұғырлы баянды ету - әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап көрсетіп, «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстары бастауыш партия ұйымдары «Nur Otan»-ның қозғаушы күші екенін қазіргі кезеңде партияның белсенді мүшелерін жұмылдыру мен жаңа тұлғаларды тарту мақсатында 14 өңірде пилоттық режимде партиялық кадрлык резервке іріктеу жүргізілгенін айтты.

Жиын соңында Елбасы «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

a

Елбасының қатысуымен «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты Қазақстан орталық концерт залында өткен мерекелік концертке қатыстық. Басқосудың соңғы күні «Nur Otan» партиясы Саяси менеджмент мектебінің директоры Ш.Нұрлановтың басшылығымен өткен «Көшбасшылық.Басқару стилдері» тақырыбындағы «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының белсенділеріне арналған семинар-тренингке қатысып, сертификатқа ие болдық. Барған қатысушыларға «Nur Otan» партиясы ел орданың көрікті жерлерін аралау, қонақ үймен қамтамасыз етуге толықтай жағдай жасады.

Бұл мерекелік шараға қатысу бізге үлкен рухани көңіл-күй сыйлаумен қатар жауапкершілік жүктегенін сезіндік.

Б.Құмарова,

Таңдай ауылы «Райхан гүлі»

бөбекжайының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT