«Жас ұлан» ұйымының жұмысын ұйымдастыру тиімділігі

Есбол орта мектебінің базасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбында семинар өтті.

Оған жасұландықтар, тәлімгерлер қатысты. Семинарды білім бөлімінің әдіскері Индира Нұрланқызы ашып, балалар ұйымының жұмыс барысы, мақсатына тоқталды. Ол ұйым балалар белсенділігін, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылығын дамыту, дарынды балалар қабілетін шыңдау, көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатын көздейтінін меңзеді. Балалармен жұмыста ерінбей-жалықпай еңбектенуді, бойындағы өнерін, шығармашылығын ұштауды қаперлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

z

Семинар жұмысын бастаған Қосарал орта мектебінің тәлімгері А.Серикова «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау» шарасын слайдтан көрсете отырып баяндағаны көкейге қонымды болды. «Мектеп комитеті бөлімдерінің қызметі» туралы Еңбекшіл негізгі мектебінің тәлімгері Г.Мақымованың шарасы да мазмұндылығымен есте қалды. Ал Есбол мектебінің тәлімгері Г.Батырғалиеваның «Ұлан сайлауын өткізу әдістемесі» шеберлік сынып түрінде өтіп, алдымен қазақ, орыс, ағылшын тіліндерінде аттарын сұрап амандасып, ән шумақтарын айтып, топқа бөлініп, командалар слайд арқылы «Мектеп» сөзінің ішіне жасырылған сұрақтарды тапты. Ұлан сайлауын өткізу де қызықты ұйымдастырылып, пікірлерін ортаға салды.

z

Сонымен қатар Береке орта мектебінің тәлімгері С.Шахиеваның «Ақпарат бөлімінің жұмысы», Алмалы орта мектебінің тәлімгері Н.Аяпбергенованың «Бөлім басылар сайлауын өткізу әдістемесі» де атап өтуге тұрарлық. Мәселен, Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің тәлімгері Б.Жолдығалиева «Сынып старостасының атқаратын қызметі мен функциялары» шеберлік сыныбын тренингпен бастап, староста сөзіне талдау жасап, оның сайлауалды бағдарламасын жасау, үш топқа ортақ тапсырма тәтті сый ұсынып, постер, көрініс ретінде қорғады. Жағдаяттар шешіп, қорытынды ойында старостаның батыл, өте белсенді, ұстаз бен оқушылар қарым-қатынасын нығайта түсетін адам екенін, қашанда тәртіптің жақтаушысы, өзгелерге үлгі-өнеге болуы, сабақтан қалмай, үлгерімі де үздік болғаны дұрыстығын еске салды.

zhasulan3

Сондай-ақ Жалғансай орта мектебінің тәлімгері Б.Жұмағазиеваның «Әлеуметтік жобалар жасау әдістемесінде» де жаңашылдық көріністер байқалды. Семинар жұмысын аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Алмурзина қорытындылап, тәрбиелік мәні зор шаралар өткізген 7 мектеп тәлімгерін, Есбол орта мектебін «Алғыс хатпен» марапаттады.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT