Жандары жайсаң жандармен кездесті

Қазан айында жыл сайын қарттар күні мен ұстаздар мерекесі қатар аталып өтіледі.

Бұл мерекеге әр ұжым тыңғылықты дайындалады. Жалпы «Ұстазы жақсының- ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаған. Мерекеге арнайы балабақшаның зейнеткерлері, жандары жайсаң жандар ақыл-өнегелерімен есте қалып, болашақ ұрпақ тәрбиесіне өз үлестерін аямай қосқан Нағима Нұржігітова мен Ақкенже Бисенғалиева апайлар қадірлі қонақ ретінде шақырылды. Меймандарға төрден орын беріп, гүл шоқтарын ұсынды.

Топтың балалары ұстаздарға арнап, өлеңдерін оқып, қыздар «Қазақ» биін мың бұрала биледі. Ұлдар да одан қалыс қалмады. Айшагүл Өтеміс пен Нұркен Өтегеннің «Ұстазым» әні де көпке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қонақтар ұстаздық еткен жылдары туралы сыр шертіп, қазіргімен салыстырғанда балабақшаның жұмысының қандай деңгейде екеніне көңілдері толатынын жеткізді.

Кеш соңында қонақтарға сыйлықтар тарту етіліп, бәрі бүлдіршіндермен естелікке суретке түсті.

М.Өтешқалиева,

«Балдырған» бөбекжайы тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT