Жаңа ғасыр - ғылым мен білімнің заманы

Тəуелсіз елдің негізгі тірегі  - білімді ұрпақ. Білімдінің алға түсіп, бəйгеден озып келетін заманы енді туды. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру, ғылым салаларын түбегейлі рефор­ма­лауға бет алғаны ұстаздар қауымын қуантты. 

Мемлекет басшысы білім саласының маңы­зы арта түсетінін, тіпті экономика­ның өзі соған тәуелді болатынын қадап айтуы халқымызды одан әрі жігерлендірді. 

  Білім беру мен ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бо­йынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу нәтижесінде осы мерзім ішінде білім мен ғылым саласына бөлінетін қара­жатты бірнеше рет өсіруді ұйғаруы да өте дұрыс болды.

Өйткені, соңғы жылдары білімді азаматтарымыз жалақысы жақсы жұмысты жағалап кеткені жасырын емес. Мектепте ер мұғалімдердің қатары азайып қалған еді. Қазіргі уақытта жалақымыз жақсарды. Жас ұрпаққа еш алаңсыз білім беріп, елдің өркендеуіне еңбегімізді сіңіруді азаматтық борышымыз деп санаймыз.

Абай АҚМҰРЗИЕВ

Атырау облыстық “Зияткер” мамандандырылған

мектеп-лицей-интернаты

директорының орынбасары,

магистр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521