Махамбеттік бүлдіршін Ибраһим Қайратұлы бас жүлдеге ие болды

Жуырда ғана аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында  "Айгөлек" фестивалінің аудандық кезеңі өткен болатын.

Аталмыш байқауға аудандағы 16 бөбекжай-бақша мен 5 шағын орталықтан барлығы 150 тәрбиеленуші қатысып, бес бағыт бойынша бақ сынады. Оның ішінде, мәнерлеп оқу, вокал бағыттары онлайн форматта ZOOM платформасында өтсе, ал театрлық-сахналық шығармашылық, хореография, саз аспабында ойнау бағыттары бойынша  бейне материал түрінде қабылданды.

Байқаудың мәнерлеп оқу бағыты бойынша "Нұршуақ" бөбекжай-бақшасы "Қарлығаш" мектап алды даярлық тобының тәрбиеленушісі, ұлым Ермекбай Ибраһим Қайратұлы қатысып, бас жүлдеге ие болды.

Ол байқауда талантты, жерлес ақындарымыздың бірі Жұмекен Нәжімеденовтің "Менің елім" өлеңін мәнерлеп оқыған болатын. Бір аптадан соң онлайн форматта өткен облыстық кезеңде  жүлделі 1 орынды иеленіп, ұлым ата-анасы мен ұстазы артқан сенімін ақтады.

Бес жасар баламның бойындағы аз ғана талантын байқап, оны шыңдап, бар күш-жігері мен уақытын жұмсап, дайындаған еңбегі үшін жетекшісі Асем Сатаеваға аналық алғысымды білдіремін. 

Бала тәрбиесіне арнаған уақытыңыз, жұмсаған күш-жігеріңіз, көрсеткен мейірім мен қамқорлығыңыз тек Алладан еселеп қайтсын. Менің тәрбиеленушім еді деп марқайып отырар талабы таудай, ақылды тәрбиеленушілеріңіз көп болсын.

Б.Сапарова,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521