Жүрек жылуына ештеңе жетпейді

Жақында Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепте «Қайырымдылық- білектен, мейірімділік – жүректен» атты тәрбиелік шарасы өткен болатын. Оған үйден оқитын оқушылар қатыстырылып, өз сыныптастары ортасында болу мүмкіндігі туғызылды.

Бұл шара кейбірінің туған күнімен тұспа-тұс келіп, сыныптастары дайындаған сазды бағдарламада олардың атына саздық сәлемдер жолданды. Шараға ата-аналарымен қатысқаны, ерекше назардағы оқушылардың ұжыммен толық араласуына, кейбіреуінің өздерінің де араласуына мүмкіндік тудыру олардың көңілдерінен шықты. Олардың өз қолдарынан жасақтаған бұйымдарын шарада көрсету үлкен үміт сыйлағандай. Өздерінің ешкімнен кем еместігіне, толыққанды өмір сүруге мүмкіндіктері барлығына сенімдерін артты. Достарының өнерін тамашалап, өздеріне деген ыстық сезім ықыласын жан-тәнімен, аса ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

«Жүрек жылуы» шарасынан мектеп ұжымның мүшелері шет қалмады. Сынып жетекшілері естелік сыйлықтар дайындаса, асхана қызметкерлері демеушілігімен дастарқан жайылып, балаларға тәттілер ұсынылды.

Бір кішкене шараның өзі қаншама адамды, қаншама жүректерді біріктірді. Осыны көре отырып, адамдықтың ең жоғары сатысы жүрек жылуы құдіреті арта берсін демекпіз.

С.БЕРЖАНОВА,

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT