«Мөлдір бұлақтан» ауылдың иісі аңқиды

Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінде «Мөлдір бұлақтан» фестивалі ұйымдастырылған болатын. Оған сегіз отбасы қатысып, бақ сынасты. Фестиваль отбасылар таныстыруынан бастап, «Туған өлкем-Махамбет», «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Шежіре ағашын» ұсынумен аяқталды.

Фестивальді аудандық білім бөлімінің әдіскері И.Нұрланқызы қорытындылады. Бас жүлдені Бағытжан Нығыметов отбасы(Сарытоғай) жеңіп алды. Жүлделі 1 орынға Самрат Құбиев(Жалғансай) отбасы ие болды. Жүлделі 2 орынды Азамат Құрманов(Таңдай), Қамбар Джакиев(Ақжайық) қанжығасына байлады. Жүлделі 3 орын Талғат Мұхамедин(Сарайшық), Амантай Ермағамбетов(Алға), Бақтыгерей Бисешов(Ортақшыл) отбасыларына бұйырды. «Алғыс хатпен» Қалыбек Бертлеуов(Бейбарыс), Нұрым Намазғалиев(Есбол) отбасылары марапатталды. Сарытоғайлық Б.Нығыметов отбасы облыста ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

А.Қуанышқалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз