Елімізде қазақтың Ұлы ақыны А. Құнанбайұлының 175 жылдығы кең көлемде баладан-үлкенге дейін оның өлең-жырларынан эстафета құрып тойлануда.
Ата-аналар арасында ұйымдастырылған «Біз Абайды білеміз бе?» атты әдеби кешті ортаңғы «Құлыншақ» тобының тәрбиешілері Б.Лекерова, Б.Бегімбаева өткізді. Алдымен топ ішіне Абай атамыздың нақыл сөздері ілініп, кітаптарынан бұрыш жасақталды. Шараға топтың белсенді ата-аналары А.Ибатуллина, Т.Тасимова, А.Галымжанова, А.Бирманова, өнерлі әже А.Қалиева қатысып, Ұлы Абайдың өлең-жырларымен ерекше көзге түсті.
Кешті А.Бирманова «Көзімнің қарасы» әнімен ашты. Аналардан ұлы ақынның айтқан нақыл сөздері, мәселен, «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол!» деп нені айтқанына мүдірмей жауап берді. Кезінде Абай атамыз 73 жаста болғанда, Тоғжан 19 жастағы жас қыз болған екен. Ұлы ақын «Желсіз түнде жарық- ай» әнін осы Тоғжанға арнағанын көрініс арқылы Б.Лекерованың көрсеткені көкейге қонымды болды.
Ал ақынның 76 жолдан құралған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тәрбиеші Болған Бегімбаева мәнерлеп оқыды. Аясофья әжеміз қазақтың киелі домбырасымен Абайдың әнін тамылжыта орындағанда қол соқпаған жан қалмады. Осылайша, ата-аналарымыз бен тәрбиешілеріміз Ұлы Абайды қаншалықты танып-білетіндерін байқатты.
Абайды тану – өз халқымызды танып-білу екені сөзсіз. Әсерлі кеш Оралтай Нұрайдың «Тәуелсіз Қазақстаным» әнімен мәресіне жетіп, белсенді қатысқан ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Б.Бегімбаева,
«Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі