ҰБТ: Тестілеуді тапсыру жалғасуда

Өңірде мектеп бітірген 5 831 оқушының 4 274-і тестілеуге өтініш берген, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфирде Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.

-Биылғы оқу жылы мектеп бітірген 5831 оқушының 272-сі «Алтын белгіге», 212-сі «Үздік аттестатқа» ие болды. 2020 - 2021 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу әрбір мектеп бітіруші түлекке 2 мәрте бақ сынап көруге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда тестілеу тапсыру жалғасуда. Тестілеуге өтініш берген оқушы саны - 4274. Орта балл - 76,5. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (4518 оқушы тестілеуге қатысқан, орта балл - 57,6). Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық басқарма тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, - деді Айнагүл Дүйсекенова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз