Түзету кабинеті – дамудың үміт аралы

«Атырау Облысы Білім  Беру  Басқармасының Махамбет  ауданы  «Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі  «Білім туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» Заңын  және ҚР Білім және  ғылым министрінің 2017 жылғы ақпандағы №66 бұйрығымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары түрлері  қызметінің үлгілі қағидаларын басшылыққа алып, жұмыс атқарып келеді.

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі

Кабинеттің мақсаты – ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу және түзеп-оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру әлеуметтік ортаға бейімдеу. Міндеттері – есту, көру, сөйлеу тілі қабілеттері, тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалды-ерік саласы бұзылған, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, мінез құлқында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсету.

– Сонымен қоса кабинет «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту  және  әлеуметтік бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету»  мемлекеттік қызметін көрсетеуді жүзеге асырады. Балалардың мәселелерін мамандардың пәнаралық командасының кешенді түрде әлеуметтік  көмеккке деген қажеттіліктерін  командалық бағалау арқылы анықтайды. Балалардың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеп, құрастырады,- дейді мекеме меңгерушісі Н.Тілеубергенова.

Түзете-дамыта оқытудың мазмұны жеке дамыту бағдарламасымен айқындалады. ЖДБ ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың психофизикалық және сөйлеу тілінің дамуы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, әзірленеді және балалардың негізгі дамуы – сөйлеу тілі, танымдық, әлеуметтік-эмоционалдық, моторикалық және өзіне-өзі қызмет ету аясын қамтиды. Жалп түзету және инклюзивті білім беру бағдарламасының  мақсаты – әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психологиялық  процестерін дамытуда, білім алуда кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Үш жылда 55 бала есептен шығарылды

ППТК қызметінің тәртібі – мекемеге балаларды жіберу және орналастыру. Кабинетке баланы қабылдау облыстық ОПМПК ММ-нің қорытындысы негізінде, облыстық Білім  басқармасының жолдамасы, ата-анасының арызы, келсімшарт арқылы алынады. ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ОПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға,  тірек-қимыл аппараты қызметі, зерде, көру, есту, сөйлеу тілінің бұзылыстары бар, сөйлеу тілі мен психологиялық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетеді. Бала кабинетке қабылданғаннан кейін екі апта көлемінде мамандардың диагностикалық зерттеу нәтижесінде командалық бағалау түзету дамыту  жұмыстарының мақсатын анықтайды.

– Мемлекетіміздің  әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр бала еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір мүмкіндігі шектеулі баланың қатарға қосылып, сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіндегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзете дамыту тұрғысынан оқытуды ұйымдастырудың формалары жеке немесе шағын топтық және топтық сабақтар  консультативтік  сабақтар, қысқа мерзімді топтар болып табылады. Топтар бір жас шамасы немесе әртүрлі жас шамасы қағидалар бойынша жинақталады. Сабақтың ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жасына байланысты. Бүгінгі таңда кабинетте 104 бала мамандардан тиісті көмек алып отыр. Кабинетке келетін  балалардың бәрі жеке және топтық оқу түрімен, консультативтік  оқытумен қамтылады. Топтар бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы  принцип  бойынша  жинақталады. Ата-аналарға кабинет мамандары үнемі консультациялық көмек беріп отырады. Мекеме ішінде жоспарға сай өткізілетін әртүрлі мерекелік шаралармен кабинет мамандарының ашық сабақтарына ата-аналар қатыстырылады,- дейді Н.Тілеубергенова.

Жыл бойына балалармен психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары жүргізілген жұмыстар нәтижесінде  2020-2023 оқу жылы аралығында 296 бала ОПМПК қорытындысымен қабылданып, осы жылдар аралығында 55 бала ОПМПК тексеру нәтижесімен кабинет есебінен шығарылып, өз білім ордаларында білімін жалғастыруда. Аудандық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына мекемеден он бала және Облыстық арнайы мектеп интернатына екі бала жіберілді.  Аудандық «Жұлдызай» өнер фестивальінде Аида Теміржан ән номинациясы бойынша І орынды иеленді.

«Қожан» ЖШС компаниясы демеушілік білдіріп, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры арқылы сенсорлы кабинет жасақталды. Биыл ғимаратты жөндеуге Атырау облыстық маслихатының шешімімен қаражат бөлініп, мекеменің ішкі-сыртқы бөлігіне жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, қазіргі таңда оқу процесіне толық жағдай жасалған.

Өз ісіне мығым қызметкерлер мерейі

Мекемеде 13 маман балаларға түзету жұмыстарын жүргізуде. Қызметкерлердің өзіндік жетістіктері бір кітапқа арқау болардай-ақ. Мәселен, мекеме меңгерушісі Н.Тілеубергенова  ҚР Білім және ғылым министрлігі Алғыс хатымен, «Облыстық оңалту орталығының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» байқауында мұғалім-дефектолог А.Күнтазиева  І дәрежелі дипломмен және мұғалім-психолог Ф.Қожанова «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Құрмет громатасымен марапатталды.

«Арнайы білім беру үдерісін дамыту: ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру, түзету, оңалтудың заманауи әдістері» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының баяндама жинақтарына дефектолог-мұғалім А.Күнтазиева, психолог-мұғалім Ж.Төлегенова, логопед-мұғалім Т.Ибатуллинаның баяндамалары енді. Аталған педагогтардың баяндамалары «Инклюзивті білім беру – инклюзивті қоғам» ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағына  да енді.

Мекеме меңгерушісі Н.Тілеубергенова, әдіскер Г.Төлеуова мен психолог-мұғалім Ф.Қожанова облыстық Білім беру басқармасының, ал логопед-мұғалім Т.Ибатуллина аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру, түзету, оңалтудың заманауи әдістері» тақырыбында өткен аудандық әдістемелік семинарда мекеме мұғалімдері Т.Ибатуллина, А.Өтеғали, Ж.Төлегеноваға алғыс хат табысталды. «Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының 30 жылдығына арналған» арнайы білім беру ұйымдарының таланттары» атты көркем өнерпаздар байқауында мекеме мұғалімдері  І  дәрежелі дипломмен, мекеме әдіскері Г.Төлеуова «Үздік режиссер», логопед-мұғалім Т.Ибатуллина  «Жаңа жұлдыз» номинацияларында Алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар әлеуметтік-мұғалім А.Бисеналиева Махамбет ауданы білім бөлімінің «Құрмет громотасына», «Білім беру ұйымдарының қызметін тиімді жүргізуде заманауи инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқуларда Н.Самешова, А.Бисеналиева жүлделі орындарға ие болды. Осы тақырыпта өткен облыстық педагогикалық оқуда логопед-мұғалім Н.Самешова Құрмет громотасымен марапатталды. «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің үздік педагогі» облыстық байқауына логопед-мұғалім Т.Ибатуллина І дәрежелі дипломмен марапатталып, осы байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT