Тәуелсіздік -тірегім

"Жауқазын" бөбекжай-бақшасы,"Таңшолпан" ересек- кезекші тобында "Тәуелсіздік - тірегім" атты мерекелік ертеңгілік өтті.

Шараны  тәрбиешілер Дүйсенова Салтанат пен Даришева Қалампырдың ұйымдастыруымен және көмекші тәрбиеші Аманжолова Гүлжанаттың  көмегімен қашықтықтан, онлайн форматында тамашалауға тура келді.

Ертеңгілік барысында балалар Тәуелсіз Қазақстанға деген құрметтерін рәміздерді атап, өлеңдер арқылы суреттеп, Әнұранды шырқау арқылы көрсетті.

Шарада көрініс тамашаланып, би биленіп,әсерлі әндер тыңдалды. Ертеңгілік соңында балалар "Тәуелсіз Қазақстанның байлықтары" атты қойылым арқылы: "Гүлдене бер, көркейе бер, жайнай бер, менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстаным!" деген ұран тастап, Отанға деген тілектерін жолдады.

Осындай шаралар балаларымызды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеп құрметтеуге, патриоттық сезімге үйретеді.

А.АБДИЕВА,

ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз